ҚАЗАҚСТАНДА ОТАНДЫҚ ТАУАРЛАР АРАСЫНДА «ХАЛЫҚ МАРКАСЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстанда отандық тауарлар арасында «Халық маркасы» жалпыұлттық байқауы жарияланды. Ең үздік тауарөндірушілер мен отандық маркалар онлайн дауыс беру арқылы анықталады.
«Халық маркасы» белгісін жеңіп алған отандық тауарөндірушілер Миланда «ЭКСПО-2015» көрмесінде Қазақстан павильонында ел атынан қатысатын болады.
«Биыл жыл басында Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстанда жасалған» атты шара басталды. Аталмыш бастаманы қолдау мақсатында Қазақстанда отандық тауарлар арасында «Халық маркасы» жалпыұлттық байқауы жарияланды. Оның ең басты мақсаты отандық тауарлардың танымалдылығы мен сапасын арттыру.
Жеңімпаздар 30 аталым бойынша анықталады. Олардың ішінде «Газдалған сусын», «Шәй», «Кондитерлік тағамдар», «Ұн», «Сүт өнімдері» сынды бөлімдер бар. Жеңімпаздар өз тауарларының сыртына «Халық маркасы» белгісін қою мүмкіндігіне ие болады. Бұл оның елдегі ең сапалы тауар екендігін білдіреді.
Халықтық дауыс беру науқаны 25 тамызда басталады және қыркүйек айына дейін жалғаспақ. Жеңімпаздарды марапаттау шарасы Милан көрмесінің Қазақстан павильонында 16 қазанда - Дүниежүзілік азық-түлік күнінде өтеді.
«Бұл онлайн байқау түріндегі мүлдем жаңа жоба. Ең үздік 30 тауар халықтың таңдауымен анықталатын болады. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2 мыңға жуық азық-түлік тауарларын өндіретін кәсіпорын бар екен. Олар ДСҰ және ЕАЭО аясында өз бәсекелестіктерін арттырулары шарт. Біз барлық тауарөндірушілерді белсенді қатысуға және барша қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамыз», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.