ЖАЗ МАУСЫМЫНДА СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қызылорда қаласының әкімі Н.М. Нәлібаевтың төрағалығымен тұрақты кеңес отырыс өткізілді.
Онда «Жаз маусымында тұрғындардың суға шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың алдын-алу мәселелері туралы» тақырыбында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Майысжан Ибрашев баяндама жасады, деп хабарлайды қалалық ТЖБ.
Баяндама барысында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының «Оңтүстік өңірлік аэромобильді құтқару жасағы» мекемесімен бірлесіп атқарып отырған өрт және судағы қауіпсіздікті сақтау жөніндегі жұмыс туралы баяндады. Оған қоса, халық арасында насихат шараларын жалғастыру, балалардың жазғы демалыста, төтенше оқиға орын алған кезде дұрыс әрекет етуі, отты пайдаланудағы абайсыздықтың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау, суға түсуде қауіпсіздік талабын сақтау жөнінде әлі де БАҚ-да жариялау туралы айтылды.
Кеңес соңында қала әкімі Н.М. Нәлібаев қалалық ішкі саясат бөлімі, қалалық ішкі істер басқармасы, қалалық білім бөлімінің басшыларына қауіпсіздікті сақтау турасында ұсыныс пен тапсырмалар берді.