УКРАИНА АСПАНЫНЫҢ БӘЛЕСІНЕН АУЛАҚ
Қазақстандық әуе компаниялар Украина арқылы ұшуды доғарды. Бұл туралы бүгiн Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Серiк Мықтыбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бүгiнгi таңда аталмыш апатқа қатысты тергеу жұмыстары жүргiзiлуде. Апаттың себептерi анықталмайынша, қазақстандық әуе компанияларына Украинаның әуе кеңiстiгi арқылы ұшпау туралы ұсыныс жасалды. Қазақстаннан Киевке бiздiң елде «Эйр Астана» ұшақтары мен бiрнеше чартерлiк рейстер ұшады. Олар кешегi рейсiн тоқтатты. Ендi жексенбiлiк рейстiң ұшу-ұшпауы мәселесi қарастырылуда», - дейдi С.Мықтыбаев.
Оның айтуынша бүгiнде ұшақтар апат орын алған аймақты айналып ұшуда. Көлiк және коммуникация министрлiгi әуе компанияларына бiрден тыйым жасай алмайтын көрiнедi. Министрлiк тек ұсыныс жасай алады. Ал Украинаның әуе кеңiстiгiн қолдану әуе компанияларының өз иелiктерiнде.
Еске сала кетсек, бортында 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі бар Malaysia Airlines әуе компаниясының ұшағы 17 шілде күні түстен кейін Украинаның Донецк облысында апатқа ұшырады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановтың айтуынша, апатқа ұшыраған Boeing ұшағының бортында қазақстандықтар болмаған.
Айта кетейiк, Украинаға ұшатын отандық «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі Facebook.com әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Эйр Астана» ұшақтары Украина аумағы арқылы ұшпайтындығын хабарлаған едi. «Эйр Астана» компаниясының Лондонға, Франкфурт пен Анталияға және кері қарай ұшатын бағыттары Украина аумағынан өтпейді. Ал Атырау-Амстердам-Атырау рейсінің ұшу бағыты өзгертіледі», - деп көрсетілген хабарламада.

Комментарии 1