ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАР ҮНДІ ЖӘНЕ КОРЕЙ ХИКАЯЛАРЫН КӨРСЕТУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ
Болашақта қазақстандық телеарналар үнді және корей телехикаяларын көрсету құқығынан айырылады.
Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов Көкшетауға сапары барысында мәлім етті. Ол қазақстандық телеарналарда отандық өнімдер көрсетілуге тиіс екенін атап өтті.
«Қазір өзіміздің телехикаяларымыз мен телебағдарламаларымызды түсіріп, арналардан мемлекетіміздің мәдениетін көрсету бағытында жұмыс жасау керек. Көпшілігі неге үнді және корей хикаяларын көрсетеді деп шағымданады. Қазір аталмыш сауалға байланысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жақында жаңа жобаларды іске асыруды бастаймыз», – деді ол.
Сонымен қатар Әзілханов қазақ тілінің дамуы туралы мәселені де көтерді. «Мемлекетімізде қазақ тілінің даму үшін одан әрі жұмыс істеу керек. БҰҰ кірген елдердің 60%-да өз тілдері жоқ. «Википедияда» біз жариялымдар (қазақ тіліндегі жарияланған ақпараттар) бойынша 32 орындамыз, яғни көп нәрсеге қол жеткіздік, жұмысты әріқарай жалғастыру қажет», – деп атап өтті вице-министр.