БҮГІН ЕЛІМІЗДЕ КҮН ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның барлық аумағында антициклон ықпалынан күн ашық болады, кей жерлерде жел күшейіп, жекелеген аудандарда шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Түнде Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде, күндіз жекелеген аудандарда найзағай жарқылдайды.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан өңірлерінде, сондай-ақ Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.
Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым аумағында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.