ЖЕРЛЕРДІ ЖЕКЕ МЕНШІККЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒАМЕН 10 ЖЫЛҒА БӨЛІП ТӨЛЕУ АРҚЫЛЫ БЕРУ МҮМКІНДІГІ ҚАРАЛУДА
Бүгін «Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникация орталығында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрмановтың қатысуымен брифинг өтті.
Кездесу барысында Қ.Нұрманов Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу жайын айтып өтті.
- Қызылорда облысының жер қоры 24 млн га. Оның ішінде 2,2 млн га жерлері Қызылорда облысының ұзақ мерзімде пайдаланымдағы Қарағанды облысы Ұлытау ауданының жерлері, 771,4 мың га жерлер Ресей Федерациясының пайдаланымда. Жалпы облыстың жер қоры 7 санаттан тұрады, - деді Қ.Нұрманов. – Ал 2012-2014 жылдары ауылшаруашылық айналымына 882 жер учаскеден тұратын жалпы көлемі 199,8 мың га жерлер енгізілген.
Айта кету керек, пайдаланылмай отырған жерлерді айналымға енгізу және жер пайдаланушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке жеңілдетілген бағамен 10 жылға бөліп төлеу арқылы беру мүмкіндігі қаралуда.