ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Бейсенбі, 21 тамыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, тек еліміздің батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 мс/-ке дейін күшейеді, шаңды дауыл көтеріледі.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында ыстық болады деп күтілуде.
Республиканың оңтүстігінде, кей жерлерде батыста, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.