ҰЛТТЫҚ СКРИНИНГТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БЫЛТЫР 2,4 МЛН АДАМ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКЕН- БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру халық денсаулығы жағдайының оң динамикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында халық денсаулығы жағдайы оң динамикаға ие», - деді Б.Сапарбаев.
Оның айтуынша, халықтың өмір сүру ұзақтығы 5 жылда 3,6 жылға артқан. Сонымен, қазіргі таңда қазақстандықтардың орташа өмір сүрі ұзақтығы - 71,6 жасты құрайды. Бұдан өзге, жалпы, ана және бала өлім-жітімі, туберкулезге, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығу азайып келеді.
Ұлттық скринингтік бағдарлама аясында былтыр 2,4 млн адам тексеруден өткен. 2014 жылы 45 мыңнан астам жоғары технологиялық ота жасалған.
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі аясында медициналық ұйымдарды таңдау еркіндігі жүйесі енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу басталды. Аталмыш бағдарламаның негізгі бағыттары - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу және денсауық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамыту болып табылады.