АРАЛ АУДАНЫНДА КАЛЬЦИЛЕНГЕН СОДА ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ
Экономиканы әртараптандырудың аясында Арал ауданында кальциленген сода шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті сессиясында айтылды. Былтыр «АралТұз» кәсіпорнындағы ас және техникалық тұз өндірісі толықтай жаңартылып, осының нәтижесінде тек алғашқы 6 айда ғана өнім шығару 20 пайызға ұлғайды.
-Арал ауданында кальциленген сода шығаратын зауыт құрылысын салу жөнінде шешім қабылданды. «Бәйтерек» Холдингі жалпы құны 200-250 млн. АҚШ долларын құрайтын аталған жобаны қаржыландыруға дайын. Қазір осыған байланысты қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 2015 жылдың І жартыжылдығындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қорытынды есебінде.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында құрама жем, күріш өңдеу және керамикалық кірпіш зауыттарының құрылысы аяқталды. Былтыр Жалағаш және Шиелі аудандарында іске қосылған қызыл мия тамырын өңдеу зауыттары жұмыс істеп тұр. Жыл аяғына дейін сэндвич панель, күйдірілген кірпіш, жарықд иодты шам және өзге де өндіріс орындарын іске қосылатын болады.