ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ
Қызылорда облыстық мәслихатының «Жастар ісі, құқық қорғау, спорт және туризм мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2015 жылды жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы болып өтті.
Депутат Н.Ерманов төрағалық еткен комиссия отырысында «2014 жылы құқық бұзушылықты азайту, жол қауіпсіздігін және жол ережелерін сақтау жөнінде Қызылорда облысы бойынша ішкі істер органдарындағы атқарылған шаралар туралы» мәселе қаралды.
Жиында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Ә.Шаймағанбетов хабарлама жасады. облысымыздағы жол қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіп пен қылмыстық күрес жөнінде мәлімет берді. Облыс бойынша жол апаттылығын сейілту бағытында қарқынды шаралар атқарылып, нәтижесінде жол қозғалысы Ережесін бұзушылықты анықтау деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға өсіп, жол апаттылығына тікелей септігін тигізетін өрескел бұзушылықтар барлық жол қозғалысы Ережесін бұзудың 41,3 пайызын құрады. Іс-шаралардың нәтижесінде жол апаттары 17,2 пайызға, қайтыс болғандар 28,4 пайызға, жарақат алғандар 19,6 пайызға төмендеуі қол жеткізілген.
Жиын барысында Қызылорда облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Ғ.Алпысбаев 1 қыркүйекке дейін барлық мектетердің қасындағы жолдарға талдау жасау жөнінде жұмыс әлі жасалып жатқан жоқтығын айтып, осы жұмыстың тездетілуін қолға алу керектігін айтты.
Сонымен қатар, депутат К.Үйреков 12 мыңнан астам халқы бар Төретам елді мекені мен 5 мыңнан астам халқы бар Ақай ауылдық округінде учаскелік полиция пункті жоқ екендігін, қылмыстық жағдай бола қалғанда халық зардап шегіп жатқандығын айтып өтті. Отырыс соңында депутаттар тарапынан айтылған мәселелер қаперге алынып, қаулы қабылданды.