ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 162 БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жыл соңына дейін республика бойынша 162 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 78,6 пайызды құрады. Жыл соңына дейін 162 мектепке дейінгі ұйым ашылатын болады. Бұл балалардың 81 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үшін арнайы жол картасы әзірленген. Аталған картаға сәйкес, мемлекеттік жеке серіктестік негізінде 18 және жеке инвестиция есебінен 324 балабақша ашылатын болады.
«Президентттің балаларды жүз пайыз мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы 2020 жылға дейін орындалатын болады», - деді Б.Сапарбаев.