ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Синоптиктердің болжамынша, 11-13 шілде күндері аралығында ел аумағына Ираннан тропикалық ауа ағыны келеді. Сондықтан, демалыс күндері мен дүйсенбіде республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде күн аптап ыстық болады деп хабарлайды "Қазгидромет".
Алдағы күні солтүстік, орталық және шығыс өңірлерді жауын-шашынды ауа райы сақталады. Алайда, жексенбіде күн ысып, әдеттегі нормадан 3-6 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, бүгін және ертең батыс облыстарда өтпелі жауын жауып, аптап ыстық бәсеңдейді.