КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРАЛДА «ЖЕЗҚАЗҒАН-БЕЙНЕУ» ТЕМІРЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Конституция күнінде Қызылордаданың ірі сауда орындарында жаппай сатылымдар, орталық базарда азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Рүстемов айшықты мерекенің аймақта қалай аталып өтетіні туралы хабарлама жасады. 28 тамызда басқарманың ұйымдастыруымен Студенттер сарайында ғылыми-тәжірибелік конференция, 29 тамызда Н.Бекежанов атындағы театрда және аудан орталықтарында бір мезетте мерекелік жиын болады.
Ертеңіне велошабандоздар Тұңғыш Президент саябағынан орталық алаңға дейін жүріп өтеді. «Денсаулық керуені» акциясы қорытындыланады. Тұрғындар бір бағыттағы қоғамдық көліктермен таңнан кешке дейін тегін қатынай алады.
«11-30 тамыз аралығында облыстағы бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі. Олардың қатарында балабақша, мектеп, дәрігерлік амбулаториялар бар. Сондай-ақ жуырда Елбасының қатысуымен өтетін телекөпір кезінде Арал ауданында «Жезқазған-Бейнеу» теміржолы пайдалануға беріледі», - деді Руслан Рүстемов.
Назерке САНИЯЗОВА