БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Республиканың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстік-шығысында күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, республиканың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ал еліміздің қалған аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысында түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады, кей аумақтарда 23 м/с-ті құрайды, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Алматы облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, күндіз желдің екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Қарағанды, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар өңірлерінде 15-22 м/с жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау, сондай-ақ Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым аумағында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.