2015 ЖЫЛЫ АЛКОГОЛЬДIК ӨНIМ ШЫҒАРАТЫН 19 ЗАУЫТТЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ
2015 жылдың бiрiншi жартыжылдығында алкогольдiк өнiм шығаратын 30 зауыттың 19-ының жұмысы тоқтатылды. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң төрағасы Дәулет Ерғожин мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап алкогольдiк өнiмнiң көлеңкелi айналымын қысқарту, тұтыну көлемiн төмендету бойынша заңнамалық шаралар енгiзiлгенi өздерiңiзге белгiлi. Заңнамалық деңгейде өндiрiстiк қуаттылықты пайдаланудың минималды нормасы енгiзiлдi. Нәтижесiнде, 30 зауыттың 19-ының жұмысы тоқтатылды, 14 кәсiпорынның лицензиясының күшi жойылды. Сонымен қатар, осы жылы бiз аталған өнiмдердiң бөлшек саудасымен айналысатын азаматтарға рейдтiк тексерулер жүргiздiк. Нәтижесiнде, күдiктi есептiк-бақылау маркасы бар 72 мың алкогольдiк өнiм бөтелкесi айналымнан алынды», - дедi Д.Ерғожин.
Ол ҚҚС-ны қайтару уақытылы әрі Салық заңының нормаларына сәйкес жүргiзiлiп жатқанын мәлiмдедi.
«2015 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша 392 млрд теңге көлемiнде 338 салық төлеушiге ҚҚС қайтарылды. Өткен жылдың балама кезеңiндегi көрсеткiшпен салыстырар болсақ, ҚҚС қайтару 115 млрд теңгеге немесе 41%-ға артқан», - дедi комитет төрағасы.