МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаевтың қатысуымен брифинг болып өтті.
Ол брифинг барысында облысымызда мүлікті жария ету жұмысы өткен жылдың 1 қыркүйегінен басталып, биыл 31 желтоқсанда аяқталатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта мүлік жариялау бойынша облысымыз 13 орында екенін айта кету керек.
- Облыстың барлық аудан және Қызылорда, Арал, Қазалы қалаларында мүлікті жария ету комиссиялары белсенді жұмыстарын жүргізуде, - деді Т.Жақыпбаев.
Айта кету керек, жария етуді іске асыру механизмдерін қолдану тәжірибесі реттеу рәсімдерінің артықшылықтарын көрсетті, ол өз кезегінде жария ету үдерістерінің өзін қиындатып жіберді. Осыған орай, жария етуді іске асыру барысын белсенділеу үшін жария ету шарттарын өте қолайлы және тартымды ету мақсатында «ҚР азаматтарына, оралмандарға және ҚР тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қабылданды.
Шынар БЕКБАН