СЫРБОЙЫЛЫҚ 15 450 БАЛА БИЫЛ 1 СЫНЫПҚА БАРАДЫ
Биылғы оқу жылы мектеп бағдарламасына өзгерістер енуімен ерекшеленеді. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.
Бас педагогтың айтуынша, Елбасы тапсырмаларын орындау және ағылшын тілін оқыту стандарты шеңберінде балалар 2014-2015 оқу жылында бұл пәнді – 2, ал информатиканы 6 сыныптан бастап игеретін болады. Осыған байланысты білім ошақтарының қажетті мамандармен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтылу көрсеткішін саралау барысында кадр және оқулық тапшылығы жоқ екені анықталды.
Жаңа оқу жылында 126 мыңнан астам бала мектепке баратын болса, соның 15 450-і 1 сынып табалдырығын аттайды. Қазіргі күні білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізілуде. «Жол картасы» бағдарламасы аясында 58 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде. Балалардың оқулықпен қамтылу көрсеткіші – 98 пайыз, яғни 2013 жылғыдан 3 пайызға артық.
Жыл сайын тамыз айында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын қолдау мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Биыл шара барысында осы күнге дейін 838 балаға 3 млн. 948 мың теңгеден астам қаржының көмегі берілген.