МӘЖІЛІС МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Құжат ҚР Президентінің «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Жарлығын іске асыруға бағытталады. Бұл ретте заң жобасы мүгедектерге Конституцияда, Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда бекітілген азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың басқа да азаматтармен тең мүмкіндіктері қамтылады.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, заң жобасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша бірнеше бағыттарды қамтиды. Оның ішінде көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сала қызметтерін жақсарту, ақпарат пен тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру, сонымен бірге құқықтық көмекті жетілдіру қамтамасыз етіледі.
Мысалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру мақсатында вокзалдар мен әуежайларда кедергісіз орталық құру, теміржол құрамдарын мүгедектер үшін қолжетімді вагондармен жабдықтау қарастырылады. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге берілетін баспана пәтерінің екінші қабаттан жоғары болмауы, басқа баспана берместен үшінші топ мүгедектерін қызметтік тұрғын үйден шығаруға жол бермеу қарастырылып отыр.
Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіріп, оларды оңалту саласындағы қызметтерін көрсетудің тиімділігін арттырады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігі ескеріле отырып, оларда туындайтын кедергілер мен тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді.