Н.МОДИ ЕЛБАСЫН ҮНДІСТАНҒА САПАРМЕН КЕЛУГЕ ШАҚЫРДЫ
Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты өз еліне сапармен келуге шақырды.
«Мен бұл жолғы сапарым қарым-қатынасымызды нығайта түсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп санаймын. Мен сізді Үндістанға сапармен келуге шақырамын әрі Сізді тағатсыздана күтетін боламын», - деді ол Ақордада ҚР Президентімен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде.
Айта кетерлігі, Ақорда баспасөз қызметі Елбасының бұл шақыруды ризашылықпен қабыл алғандығын қуаттады.
Естеріңізге сала кетсек, кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысында «Қазақстан темір жолы» ҰК мен Үндістан Республикасы Үкіметінің Қатынас жолдары министрлігі арасындағы техникалық ынтымақтастық жөніндегі түсіністік меморандумы, «ҚазАтомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен Үндістан атом энергиясы департаменті арасындағы табиғи уран концентраттарын сатып алу-сату келісімшарты, ҚР мен ҮР арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт, ҚР Үкіметі мен ҮР Үкіметі арасындағы қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҮР Жастар ісі және спорт министрлігі арасындағы дене шынықтыру және спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандум рәсімделді.