БЕНЗИН 30 ТЕҢГЕГЕ ҚЫМБАТТАЙДЫ
1 тамыздан бастап Қазақстанда зор қолданысқа ие АИ-92 маркалы жанар-жағармай бағасы – 30 теңгеге, АИ-80 – 33 теңгеге, дизельді отын 28 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ақпарат көзі хабарлады.
«Көрсетілген бағалар құрамына экономика және бюджеттік жоспарлау, мұнай және газ министрліктері, табиғи монополияларды реттеу агенттігі кіретін ведомствоаралық үкіметтік комиссияда бекітілді. Сонымен тамыз айынан бастап АИ-92 маркалы жанармайдың құны – 145, дизель отыны – 130, АИ-80 жанармайы 122 теңгеден сатыла бастайды. Ақпарат нақты», - делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, табиғи монополияларды реттеу агенттігі шілде айында бензин бағасының аспандап кетпейтінін мәлімдеген-ді.