СТУДЕНТТЕР САРАЙЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Астана күні мерекесіне орай, «Мәңгілік Ел жүрегі – Астана» атты республикалық ғылыми конференция өтті.
Конференцияға облыстың зиялы қауым өкілдері, басқарма басшылары және университеттің оқытушы-профессорлары қатысты. Конференцияның ашылуында сөз алған университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Астананың бас сәулетшісі, авторы болып қана қоймай, оны мемлекеттік, халықаралық зор маңызы бар шешімдер қабылданатын тарихи қала ретінде әлемге мойындатқанын атап өтті.. Сонымен бірге, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқынбаев Ғайнулла Зейноллаұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгер саясатының нәтижесінде еліміз әлем таныған мемлекеттер қатарында екендігін айтты.
Конференция соңында қатысушылар «Астана – тұғырым, Елбасы – тірегім» атты кітап көрмесін тамашалады.