ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында күн райы құбылмалы болады, атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, республиканың солтүстік-шығысында, шығысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде түнде тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан өңірлерінде кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде. Ал Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Жамбыл, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Ақтөбе, Қызылорда өңірлерінің басым аумағында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.