ЛОНДОНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
26 тамызда Ұлыбританияның Лондон қаласында Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығының ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Орталықтың ашылуы - этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін танытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру, мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған.
Ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасының депутаты сэр Тони Болдри және британдық инвесторлар, ғалымдар, екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде қарым-қатынас жүргізетін компания өкілдері қатысады.
«ҚазАқпарат»