ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР РУСЛАН МЕН НҰРЫМДЫ КҮТІП АЛДЫ
"Қазақстан Барысы" турнирінің күміс жүлдегері Руслан Әбдіразақов пен көрермендердің ерекше ықыласына бөленген «Жеңіске деген жігері» номинациясының иегері Нұрым Сәлімгереевті Қорқыт ата әуежайынан қызылордалықтар зор қошеметпен күтіп алды.
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев пен спортшылардың қатысуымен брифинг өтті.
Кездесу барысында Садық Мұстафаев қызылордалық спортшылар үшін турнир сәтті өтті. Н.Сәлімгереев шеберлігін көрсетіп, көрермен ықыласын «Жеңіске деген жігері» номинациясымен автокөлік сыйлығын алды.
Айта кету керек, 4 шілде күні Астана қаласында Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирі өткізілген болатын. Дүбірлі додаға Астана, Алматы қалаларынан және облыстардан 33 спортшы қатысты. Осы бәсекеге облысымыздан 2 спортшы бақ сынап, екеуі де жүлделі оралды.
Шынар БЕКБАН