«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ-2015» АТАНҒАН БЕЙБІТ ЫСТЫБАЕВҚА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНАН ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевқа жоғарғы белгі - төсбелгі табысталды, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Құрмет белгісін палуанға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстады.
«Сізді «Қазақстан Барысы-2015» республикалық турниріндегі жеңісіңізбен құттықтаймын. Сізге жастарға үлгі болып жүргеніңіз үшін алғыс білдіремін, өзіңізге, отбасыңызға мықты денсаулық тілеймін. Армандарыңыз орындала берсін», - деп құттықтау грамотасын оқып берді министр.
Өз кезегінде А.Мұхамедиұлы турнирде Б.Ыстыбаев шеберлігін ғана емес, алға жылжуға деген құштарлығын паш еткенін атап өтті.
- Астана күні аясында «Қазақстан Барысы-2015» турнирі өтіп, Мемлекет басшысы Бейбіт Ыстыбаевқа гран-при табыстағаны қандай тамаша. Елбасы Қазақстан болашаққа сенімді қадам басып келе жатқан интеллектуалды ел болуы тиіс екенін үнемі айтып келеді. Ол үшін жастар спорт пен мәдениетке көңіл бөліп, рухани бай болуы тиіс. Сонда мемлекетіміз «Мәңгілік Ел» атануға лайық болмақ, - деді А.Мұхамедиұлы.
Еске салайық, 4 шілде күні Б.Ыстыбаев «Қазақстан Барысы-2015» республикалық турнирінің финалында қызылордалық Руслан Әбдіразақовтан басым түсті. Жеңімпаз 150 мың доллар көлеміндегі сыйлық пен чемпиондық белбеуге және алтын тайтұяққа ие болды.