BRENT МҰНАЙЫНЫҢ БАРРЕЛІ 58 ДОЛЛАРДАН ТӨМЕНДЕП КЕТТІ
Brent мұнайының тамыз айындағы тасымалдау құнын қоса алғандағы фьючерстік келісімшарттың бағасы 4,4%-ға төмендеп, барреліне 57,77 долларды құрады. ICE Лондон биржасының мәліметтері осындай, деп хабарлайды ТАСС.
Грециядағы референдумнан кейін активтерін жоғалтуға қорыққан инвесторлардың америкалық валютаға ауысуына байланысты доллар бағасы артып, салдарынан қара алтынның құны құлдырап кетті. Естеріңізде болса, гректердің басым көпшілігі кредиторлармен келісуге қарсы дауыс берген еді.