«АТАМЕКЕН» ЭТНО-МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНIНДЕ СЫР ӨҢIРI МАКЕТТЕРIНIҢ ТҰСАУКЕСЕРI ӨТТI
Бүгiн Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенiнде Қызылорда облысының жаңа макеттерiнiң тұсаукесерi өттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Аталған кешендегi Сыр өңiрiнiң бiрқатар макеттерi жаңартылса, бiрқатары жаңадан жасалып, кешендi толықтырған. Бұл жерден стратегиялық маңызы бар нысан «Байқоңыр» ғарыш айлағының, көптеген мешiттер мен мавзолейлердiң, тiптi темiржолмен жүйткiп бара жатқан пойыздың макеттерiн көруге болады.
«Бүгiн Қызылорда облысының этно-мемориалдық кешендегi макеттерi жаңартылып, жұртшылыққа жаңадан таныстырылып жатыр. Сыр өңiрi бүкiл қазаққа ортақ үлкен тарихи және мәдени мұралардың өлкесi екенi белгiлi. Жалпы, қазiргi Қызылорда аумағында кезiнде қазақ даласында дәуірлеген ежелгi мемлекеттердiң ту тігіп, астана құрған жер екені баршамызға мәлім. Соның ішінде, сақтардың астанасы Шірік Рабат қаласы, оғыздардың астанасы Жанкент қаласы, қыпшақ-қазақ елінің астанасы болған Сығанақ қаласы, ХХ ғасырдың басында Қазақ мемлекетінің бірінші астанасы болған Қызылорда қаласы бар. Осындай тарихи мәліметке бай өлкенің макетін біз Астана төрінде орналастырдық. Бұл жұмыстарға жалпы әкімдіктен 30 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді», – деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы.
Ол «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенiндегі облыстың барлық макеттерін жыл сайын жаңартып, оны қалпына келтіру жұмыстарын әкімдік өз мойнына алғанын айтты.
Аталған этно-мемориалдық кешенде осы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай достық үйлерінің макеттері пайда болды. Жалпы, кешенде елдің табиғаты мен мәдени мұрасын бейнелейтін 500-ге жуық экспонат бар.