ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ
ҚР Ұлттық банкінің ескерткіш күміс монетасы халықаралық байқауда үздік деп танылды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Ұлттық банкінің номиналы 500 теңгелік «Ана» ескерткіш күміс монетасы Ресейде өткен «Монета жұлдыздары-2015» ескерткіш монеталар конкурсында «Жыл монетасы» номинациясында жеңіске жетті. Бұл аталымда тағы екі монета Галилео Галилейдің туғанына 450 жыл толуына арналған Санкт-Петербор монета сарайының монетасы және Париж монета сарайының «Баккара» монетасы жеңімпаз атанды.
Байқауға орталық банктер, монета сарайлары, монеталардың дистрибьютор компанияларынан 46 өтінім түскен.
Барлығы 2014 жылы шығарылған 240-тан астам ескерткіш монета және 23 монета сериясы ұсынылды. Конкурстың қазылар алқасына әлемнің әйгілі мұражайларының және аукцион үйлерінің сарапшылары, түрлі елдердегі монеталардың дистрибьютор компанияларының, нумизматикалық қауымдастықтардың және монеталар туралы арнайы басылымдардың өкілдері кірді.
«Ана» монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ішіне ою-өрнек салынған жүректің стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.