8 АУЫЛ ТАЗА СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Қызылорда облысында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасуда. Мәселен, биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 8 млрд. теңге қаражат бөлінді. 21 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Олардың 10-ы биыл аяқталады. Атап айтсақ, Қазалы (Байқожа елді мекені), Сырдария (Мәлібаев елді мекені), Шиелі (Жөлек, Алмалы, Тәжібаев елді мекендері) аудандарындағы және Қызылорда қаласындағы (Ақжарма, Абай, Айнакөл елді мекендері) жобалар бар. Нәтижесінде 10,5 мың адам тұратын 8 елді мекен тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, облыс орталығын сумен жабдықтау және суды сыртқа шығару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар басталды.
Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері (ТЭН) әзірленуде. «Қызылорда су жүйесін» автоматты басқарылатын энергия үнемдегіш технологияға көшіру жоспарлануда.
Осы жылдың наурызында Еуропалық қайта құру және даму банкімен қосымша қаржыландыру жөнінде келісімге қол қойылды (жобаның құны 15,5 млн. доллар). Банк 10 млн. доллар қаржы беретін болды, қалғанын жергілікті билік өздері қаржыландырады.
Қызылжарма жер асты су кенішін игеру жөніндегі жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгінде қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін көзделген 85 ұңғыманың 38-і жұмыс істеп тұр.