ХҒС ЖАҢА ЭКСПЕДИЦИЯ ЭКИПАЖДАРЫ 10 ШІЛДЕ КҮНІ БАЙҚОҢЫРҒА КЕЛЕДІ
Халықаралық ғарыш стансасы жаңа экспедициясының негізгі және қайталайтын экипаждары 10 шілде күні одан әрі ұшуға дайындалу үшін Байқоңырға аттанады, деп бүгін ТАСС ресейлік Ғарышкерлерді даярлау орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Экипаждар Байқоңыр қаласының маңындағы Юбилейный әуежайына қонады. Себебі, қазіргі таңда негізгі Крайний әуежайы жөнделуде», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Басқарылатын «Союз ТМА-17М» кемесін 23 шілде күні мск бойынша сағат 00:02-де іске қосу жоспарланып отыр. Кезекті экспедиция негізгі экипажының құрамына ресейлік Олег Кононенко, америкалық Челл Линдгрен мен жапондық Кимия Юи кіреді. Олардың дублерлері ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко, НАСА астронавты Тимоти Копра мен Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілі, британдық Тимоти Пик.