ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДАҒЫ БІРНЕШЕ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНДА 228 БАС МАЛ ШЫҒЫНҒА ҰШЫРАДЫ
24 маусым мен 1 шілде аралығында Жаңақорған ауданындағы бірнеше шаруа қожалықтарында 228 бас мал шығынға ұшырап, бүгінгі таңда 250 бас мал ауырып тұр. Бұл туралы Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте хабарлады.
- Атап айтқанда «Ынтымақ» шаруа қожалығында 50 бас, «Көбелдес» шаруа қожалығында 151 бас, «Ақсеңгір» шаруа қожалығында 27 бас уақ мал шығынға ұшырады. Аталған шаруа қожалықтарының малдары асыл тұқымды, яғни «Ынтымақ» шаруа қожалығында Ақтөбе, Павлодар облыстарының «Қылшық жүнді» және «Ақсеңгір» шаруа қожалығында «Қаракөл», - деді Ғ.Сопбеков.
- Осыған сәйкес аталған мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, аталған шаруа қожалықтарына екі рет барып, жағдайымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді, - деді Қызылорда облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов. – Облыстық ветеринариялық зертхананың мамандары ауырған малдан жұқпалы ауруларға қарсы патологиялық үлгі және ошақтағы шөптен, топырақтан, судан үлгілер алды. Сараптама нәтижесі 10-15 күнде анықталады.
Ауырып тұрған малдардың клиникалық белгілері ауыз, танау қуыстарының шырышты қабаты қабынған, ентігуі, көбікті сілекей бөліну, арасында тынысы ауырлап жөтелуі, төлдердің өкпе болуы байқалады. Бүгінде ауырып тұрған малдар оқшауланып, антибиотиктермен және қан сарысуларымен емдеу жұмыстары жүргізілуде.
- Көршілес орналасқан отарлардың малдары аман, - дейді мамандар. – күннің қатты ысуына байланысты малды салқын кезде жайып, күндіз көлеңкеде судың жағасында ұстауға, бір отардағы мал басын 400-500 бастан асырмауға кеңестер берілді.
Шынар БЕКБАН