Н.НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ КӨРМЕСІН АРАЛАДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында Астанадағы «Көрме» орталығында «Қазақстанда жасалған» атты отандық тауар өндірушілердің көрмесін аралады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам компания өз өнімдерін осы көрмеге қойып отыр.
«Көрменің негізгі мақсаты – жаңа кәсіпорындар мен жаңа өндірістердің жұмысына серпін беру, олардың өнімдерін ел назарына ұсыну. Көрме ең алдымен отандық тауар өндірушілер және олардың шығарып отырған тауалары туралы халыққа барынша мол ақпарат беруді көздейді»,-дейді көрмені ұйымдастырушы «NADLoC – Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі Басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенев.
Жалпы, көрме жұмысының аясында аталмыш ұлттық агенттік отандық тауар өндірушілермен бірыңғай логотип түсіру жөнінде 20 меморандумға қол қоймақ.