«АТАМЕКЕН» КЕШЕНІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МАКЕТТЕРІ ОРНАТЫЛДЫ
3 шілде күні сағат 11.00-де «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен жаңадан бой түзеген Қызылорда облысы макеттерінің тұсаукесері өтеді. Шара барысында Қызылорда облысының мерекелік концерті қойылады, деп хабарлайды Bnews.kz.
Биыл «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде жаңа макеттер бой түзеген болатын. Жаңа макеттердің кешенде орын алуына үлес қосқан Қызылорда облысының басшылығы. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен 14 макет кешеннің көркін аша түсті.
Айта кетейік, Қызылорда облысы Қазақстандағы ең белді облыстардың бірі. Себебі, мұнда көптеген мәдени мұраларымыз орналасқан. Соның бірі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, сонымен қатар, көптеген киелі мешіттер мен мавзолейлер орналасқан. Енді осынау ғажап ескерткіштер мен айрықша әсем көрінестерді «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінен де көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 20 түрлі халықтың ұлттық үйлері кешеннен орын алған болатын. Этно-мемориалдық кешенде еліміздің және шет елдің 500-ден астам белгілі мұралары қойылған.