ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ АТА-БАБАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУЫ ҚАЖЕТ – ЕЛБАСЫ
Қазақстандықтар туған жерін қорғап, жанын пида еткен ата-бабаларының тарихын қайта жаңғыртуы қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «С Назарбаевым о главном» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Егер мемлекет бар болса, халық бар болса, онда оның рухани дамуын еш уақытта ұмыт қалдырмаған жөн. Себебі ешқандай дамыған экономика халықтың рухани байлығының, білімділігінің орнын толтыра алмайды. Сондықтан біз мұны ешқашан естен шығарған емеспіз, қандай да бір дінді ұстанғандардың барлығы жұмыс істеп, тыныш өмір сүріп жатыр. Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі де өткізіліп тұрады, мен жариялаған Мәдени мұра бағдарламасының да халқымыздың тарихын дамытуда көмегі зор болды. Ал биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын барша ел боп атап өткелі жатырмыз. «Қазақ» этнонимі алғаш рет осы уақытта пайда болған еді, біз мұны ұмытпауымыз қажет», - деді Елбасы.
Сұхбат барысында Мемлекет басшысы қазақстандықтар «қазақ халқы көктен бір сәтте сап ете түсе қалмағанын, ғасырлар бойы дамығанын және ата-бабаларымыз елі үшін, жері үшін қанын төгіп,осы күнді армандағанын» әрдайым есте ұстауы қажеттігін атап өтті.
«Яғни, Керей мен Жәнібек хандардан бастап барлығын саралап шығу қажет. Бұл ата-бабаларымыз бүгінге мұра болып жеткен жерімізді сақтап қалу үшін қолдарына қару алып, жауға қарсы шапқан жылдар еді. Әрине, сол заманда ол дәл бүгінгідей – шекарасы бекітілген, өзінің әскері, мемлекеттік құрылымы бар мемлекет болған жоқ. Жазбаша дерек қалмағандықтан, біз тарихи дүниелердің көбісінен айырылып қалдық. Алайда бұл көнеден келе жатқан аңыздарда сақталған. Осы тарихты қайта жаңғырту қажет», - деді Президент.