ҚАЗАҚСТАНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ
2 шілдеде барша қазақстандық дипломаттар кәсіби меркесі – Дипломатиялық қызмет күнін атап өтуде. Мереке 2009 жылы ҚР Президентінің бұйрығымен бекітілген, деп хабарлайды BNews.kz.
Мереке күні кездейсоқ таңдалмаған: дәл осы күні 1992 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрігі туралы», «Қазақстан Республикасының Елшілігі туралы» және «ҚР Өкілетті және төтенше елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» Ережелерді бекіткен болатын. Соңынан тәуелсіз Қазақстан сыртқы саясатының тұжырымдамасы қабылданды. Оның негізіне қазір әлемге танылған көпвекторлы саясат қағидалары енді.
Қазақстандық дипломатияның тамыры тереңде, Қазақ хандығы құрылған заманда жатыр. Дегенмен, сыртқы саясат саласындағы елеулі жетістіктерге еліміз тәуелсіздік жылдары Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен қол жеткізе алды. Мемлекет басшысының батыл бастамаларының арқасында Қазақстан қазіргі заманғы жаңа тарихи жағдайда өзін әлемдік қауымдастыққа мойындатып, тәуелсіз мемлекеттің беделін үстем етті. Қазақстан барлық шарттық міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қауіпсіздікті қолдайтынын, әлемдік қауымдастықтың барлық елдерімен достық және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін барша әлемге паш етті.