ҚАЗАҚСТАНҒА ҚЫРҒЫЗСТАННАН ҚАНДАЙ КӨЛІК ӘКЕЛУГЕ БОЛАДЫ
ЕАЭО-ға кіргеннен кейін Қырғызстан автокөліктеріне қандай талаптардың қойылатыны туралы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Отандық автопромды қырғыздың арзан импортынан қорғау мақсатында, Қазақстан нарығына тек Қырғыз Республикасының аумағына 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін кіргізілген автокөліктерді өткізу белгіленді. Дегенмен, олар "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы "техникалық регламенттерге сай болуы тиіс", - деп хабарлады ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіруі туралы келісімшартқа қатысты баяндамасын оқу барысында.
Сонымен қатар, ол Қытай тауарларын қайта экспорттауға қатысты талаптардың енгізілгенін мәлімдеді. Сөйтіп, Қырғызстан аумағы арқылы бірінші кезекте қытай тауарларын қайта экспортқа шығаруға жол бермеу үшін, тауарды жеткілікті өңдеу өлшемі туралы талаптарды жою жөнінде келісім жасалды, оған сәйкес қосылған құнның пайыздық үлесі 50 пайыздан кем бола алмайды. Сонымен қатар, ТМД шеңберінде 2009 жылғы 20 қарашадағы тиісті Келісімде белгіленген тауарлардың шығарылған елін айқындау өлшемі қолданылады.
Министрдің айтуынша, Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кірген сәттен бастап екі жылдың ішінде тауар айналымы екі есеге артады. Айта кетейік, Мәжіліс "2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады.
Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіргені Мәскеуде 8 мамыр күні белгілі болды. Енді оған мүше елдердің барлығы ол келісімшартты бекітуі керек.