БЕЙБІТБЕК БҮРКІТБАЙҰЛЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
«Заң» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Бейбітбек Бүркітбайұлы Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Қызылорда облыстық Прокуратурасының бас прокуроры Сапарбек Нұрпейісов журналистті қабылдап, Алғыс хат пен арнайы сувенир сыйлығын табыстады.
- Прокуратура органдарының қызметін шынайы жариялаудағы сындарлы ынтымақтастығы мен өзара түсіністігі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға қосқан белсенді үлесі үшін марапатталады, - делінген хатта.
Әріптесімізді тағы бір марапатымен құттықтаймыз. Айта кету керек, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай облыстық «Қанатты қалам - 2015» фестивалінде «Әмбебап тілші» номинациясымен марапатталған болатын.
Шынар БЕКБАН