ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ» АТТЫ СЫР-СҰХБАТ КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты сұхбат кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент депутататтары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті, әлемдік деңгейде біртуар тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи өмірі жайында жазылған шығармалар қатары мазмұны терең жаңа туындымен толығып отыр. «Өмір өткелдері» атты кітап ел Президентінің «Егемен Қазақстан» газетінің бірінші басшысы, қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахмановқа соңғы жылдары берген сұхбаттарының топтамасы ретінде жарық көрді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяндық жолы алғаш рет өзінің «Әділеттің ақ жолы» атты кітабын баяндалғанын білеміз. Қазақстан Президенті сол кітаптан бері жарыққа шығарған кітаптарының барлығын елдің стратегиялық даму бағытының жекелеген тармақтарына арнап отырғаны мәлім. Сондықтан «Өмір өткелдері» Мемлекет басшысының тәуелсіздік алған 1991 жылдан кейін өзі туралы әңгімелеген 2-ші кітабы деуге болады», - деді Г.Әбдіқалықова.
Кітапта Елбасы өзінің шыққан тегінен, балалық шағынан бастап, мектептегі, Днепродзержинскідегі жастық жылдары, Теміртаудағы құрыш құйған шағы туралы әсерлі әңгімелейді.