БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРТІЛЕДІ – ҚР ДСӘДМ
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінен мәлімдегендей, аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Заң жобасында:
Базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін өзгерту қарастырылған.
2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлік жасқа жеткен кезде базалық зейнетақы төлемдерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындау көзделіп отыр. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% мөлшерінде белгіленеді, 10 жылдан асқаннан кейін әр жылға мөлшері 2% ұлғаяды және өтілі кемінде 35 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болады.
Қосымша 5% мөлшерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу көзделген.
Бұл жарналар азаматтардың меншігі болып саналмайды және әрбір қызметкердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған шартты зейнетақы шотында тіркелетін болады.
Мұндай зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шоты ашылған, кемінде 60 айға ЖМЗЖ аударылған, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі мерзімсіз боп белгіленген І және ІІ топтардағы мүгедектерге беріледі.
Зейнетақы өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды. Жыл сайын зейнетақы мөлшерлері БЖЗҚ экономикалық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне қарай индекстелетін болады.
Жекелеген санаттағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру қарастырылады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күш құрылымдарының барлық қызметкерлерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшіру көзделген.
Ұсынылып отырған шаралар жиынтық зейнетақының экономикадағы орташа айлық жалақымен арасалмағын Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған (40% кем емес) деңгейде қамтамасыз етуге және сақтауға мүмкіндік береді.
Заң жобасы қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарларға әкеп соқпауы тиіс.