РФ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫ «ЕҢБЕГІ ҮШІН» БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАДЫ
Ресей Федерациясының Журналистер одағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапаттады.
Бұл туралы Ресей Журналистер одағының хатшысы Юрий Батурин «СОЗИДАТЕЛЬ. Нурсултан Назарбаев: взгляд из России» атты жаңа кітаптың тұсаукесері барысында хабарлады.
«СОЗИДАТЕЛЬ. Нурсултан Назарбаев: взгляд из России» кітабы үш бөлімнен тұрады. Оның алғашқысына көрнекті ресейлік публицистердің, шолушылардың, халықаралық журналистердің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы очерктері енген.
Жинаққа қатысқан публицистердің ішінде шығармашылық одақ, ірі басылым жетекшілері, жоғары награда кавалерлері мен мәртебелі сыйлықтардың лауреаттары: Всеволод Богданов, Владимир Губарев, Рафаэль Гусейнов, Валерий Симонов, Юрий Батурин, Кирилл Привалов, Леонид Млечин, Николай Долгополовты айтуға болады.
Олардың барлығын үлкен журналистік тәжірибеден басқа, журналистикадағы құрметті «Золотые перья России» атағы біріктіреді.
Сонымен қатар кітапта жазылған очерктердегі авторлардың Қазақстан Президенті тұлғасына деген қызығушылығы, қарым-қатынасы да оларды бір жерге топтастырады. Біреулері әр жылдары түрлі жағдайларда Н.Назарбаевпен кездесіп танысқан. Енді біреулері сұхбат алған немесе көп жылдар бойы кәсіби тұрғыда қазақстандық лидердің биографиясы мен көп қырлы қызметіне қызығушылық танытып келе жатқандар.
Мемлекет басшысының бұл көп қырлылығы «Президент», «Дипломат», «Реформатор», «Полигон», «Космодром», «Союзник», «Земляк» тәрізді очерктердің атауларынан да көрініс табады. Материалдарда Қазақстан Президентінің көп жылдық еңбегінің маңызды тұстарына деген публицистикалық көзқарас ашыла түскен.
Ресей Журналистер одағының төрағасы В.Богданов өз очеркінде аталған шығармашылық жобаны таныстырғанда Одақ, «Золотые перья» бойынша әріптестері оның Н.Назарбаев туралы пікір айту ұсынысына зор қолдау білдіргенін атап өтті: «Бұл очерктер бір-бірін қайталамайды және оларда қазақ халқының бетке ұстар ұлының өмір жолы мен Қазақстан тарихындағы оның рөлі туралы түрліше көзқарастар көрініс тапқан... Біздің кітап - бұл Мәскеуден Нұрсұлтан Әбішұлына, оның саясатына, оның еліне және оның халқына деген көзқарас...».
Сонымен қатар кітаптың тұсаукесерінде Қазақстан Президентінің өзін мойындатқан әлемдегі көшбасшылардың бірі болуына ықпал еткен оның жан-жақты қайраткерлігі мен жеке тұлғасының ауқымдылығы айтылды.