ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЕЛБАСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуге сондай-ақ Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев қатысты.
Кездесу барысында К.Мәсімов Мемлекет басшысын «Нұрлы жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың негізгі мәселелері жөнінен хабардар етті. Сонымен қатар Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған жұмысының алдын ала қорытындылары ұсынылды.