Н.НАЗАРБАЕВ ҰШАҚ АПАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МАЛАЙЗИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНЕ ЖЕДЕЛХАТ ЖОЛДАДЫ
Кеше Украинаның шығысында малайзиялық Boeing ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Интерфакс ақпараты бойынша нәтижесінде 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі қаза тапқан.
ҚР Президенті Malaysia Airlines авиакомпаниясы MH17 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Ақорданың ресми сайты. Жеделхатта Malaysia Airlines компаниясының «Амстердам - Куала-Лумпур» бағыты бойынша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Наджиб Тун Разакқа, сондай-ақ қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты.