ОБЛЫСЫМЫЗДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨСУ БАЙҚАЛАДЫ
Қызылорда облыстық мәслихатының экономика, қаржы және жергілікті басқару тұрақты комиссиясының 2015 жылдың І-ші жартыжылдығына арналған жоспарына сәйкес кезекті мәселе жөнінде кеңейтілген отырысы болды.
Комиссия төрағасы Қалқазбек Әжібеков төрағалық еткен отырысқа мәслихат хатшысы А.Әлназарова, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Жиын барысында Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы Т.Жақыпбаев пен Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Мүбараков хабарлама жасап, былтырғы қаржылық есептерге шолу жасап өтті.
Жалпы алғанда 2014 жылдың қорытындысы бойынша облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық тұрақтылығы сақталған. Облыстың жалпы халық саны 2013 жылмен салыстырғанда 12 мың 400 адамға артқан. Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 11,1 пайызға, нақты ақшалай табыстар 2,8 пайызға жоғарылаған. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрап отыр.
Банктер тарапынан кредиттер беру көлемінің азаюынан негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 29,5 пайызға азайған.
Облысымызда өңдеу өнеркәсібінде өсу байқалады. Химиялық өнеркәсібі өнімдерін, металл, резина және пластмасс бұйымдарын, мұнай өңдеу, тамақ өнімдерін өндірудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 7,9 пайызға қамтамасыз етіліп 73,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілген.
Облыстық мәслихат депутаты А.Тоғызбаев отырыс соңында барлық басқарма басшыларын, экономистері мен есепшілерін қаржылық сауаттылығын ашу мақсатында курстар өткізілуі қажет екендігін алға тартты. Сонда ғана айтылып жатқан қаржылық қиындықтар тез шешімін тауып отырады деген ұсыныс айтты.
Талқылау қорытындысымен айтылған ұсыныс-пікірлер қаперге алына отырып тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысындағы күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдады.