ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Этносаралық және конфессияаралық келісім – бейбітшілік тірегі» тақырыбында семинар-кеңесі өткізілді.
Шара облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Балабаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Келесі ретте баяндамашылар сөз алып, «Қызылорда облысының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Шаухамановтың «Қазақ халықының ұлттық дәстүрлері және рухани құндылықтары» тақырыбындағы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Т.Омаровтың «Имандылық-рухани өнегеліктің, татулықтың қайнар бұлағы» тақырыбындағы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Е.Уәйстің «Ұлттық келісім - бірліктің кепілі» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, тақырыпқа байланысты шараға қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, соңы сұрақ-жауаптарға ұласты.