ҚЫЗЫЛОРДА, АТЫРАУ, МАҢҒЫСТАУ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТАРЫНДА АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
30 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, алайда еліміздің батыс, солтүстік, шығысында жауын жауып күн күркіреуі мүмкін. Шығыс Қазақстанда күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік пен Оңтүстік, Батыс Қазақстанда таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромед» РМК.
Нақтырақ айтқанда ШҚО-да күндіз бүршақ жауып, жел тұрады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең тұман түседі. Алматы, Жамбыл, ОҚО, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында ыстық ауа райы сақталады. Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстарында аптап ыстық болады. Атырау,Қызылорда, Ақтөбе, ОҚО басым бөлігінде, БҚО, Қарағанды, Жамбыл, ШҚО, Алматы облыстарында өрт қаупі бар.