ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІРІ ҚАРА МАЛ АУКЦИОНЫ ӨТКІЗІЛЕДІ
Қазақстанда алғаш рет халықаралық ірі қара мал аукционы өткізілмек, деп хабарлайды Bnews.kz.
ҚР Президенті 2011 жылы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы кезінде алғашқы рет «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын енгізу және іске асыру идеясын, сондай-ақ ет өнімдерінің экспортын жылына 200 мың тоннаға дейін жеткізу қажеттілігі жөнінде жариялаған болатын. Осы бағдарламаны іске асырудағы ең ірі операторлардың бірі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ.
ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын бірнеше кезеңге бөліп өткізу көзделген. Бірінші кезеңде Қазақстанда мал басын будандастыру мен көбейту үшін шетелден өнімділігі жоғары элиталы етті мал әкелінген болатын. 2011-2014 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқасында елімізге 40 380 бас ірі қара мал (етті 33 824 бас мал, сүтті 6556 бас мал) әкелінген.
Бұл бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңінде мал басын әрі қарай асылдандырып, елімізде жалпы асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында, шетелдік мал табынынан төл алып, оларды бүкіл Республика бойынша тарату көзделген. Қызмет атқарған бүкіл кезең ішінде 85 асыл тұқымды репродуктор-шаруашылық қаржыландырылып, іске қосылды. 12 мыңнан артық асыл тұқымды төлдің екінші ұрпағы алынды.
«ҚазАгроҚаржы бұл бағдарламада асыл тұқымды ІҚМ лизинг берушісі ретінде шығып отыр, - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы Әлия Исенова.
Қазіргі таңда фермерлерге Канадаға, Австралияға, Голландияға және т.б. жерлерге барып, шетелден мал әкелудің мүлдем қажеттілігі жоқ. Қазір біздің еліміздің аумағында алынған асыл тұқымды малдарымыз жеткілікті. «Екінші ұрпақ» деп аталатын тұқымның ІҚМ сатып алу, мал жеткізуде және оны тасымалдауда ғана елеулі үнем жасауға ғана мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар, жеткізу мерзімін қысқартуға, анағұрлым бейімделген мал және оның шыққан тегін әрі отандастарымыздан – қазақстандық ферма-репродуктор иесінен кепілдік алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда компаниямыз еліміздің аумағында туған 8000 бас асыл тұқымды малды лизингке беріп те қойған».
Асыл тұқымды төлдерді сату, негізінен аукцион арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда кемінде бес ірі аукцион өткізілді, онда фермерлер асыл тұқымды бұқаларды өз қолдарымен таңдап алды.
Биылғы жазда Қостанай облысында Қазақстандағы асыл тұқымды ІҚМ Бірінші халықаралық ашық аукционы өтеді. Аукционда 180 асыл тұқымды бұқа және 130 асыл тұқымды Абердин-ангус қашары шығарылады. Бұл тұқымның бір бұқасының салмағы 800 келіден асады. Қазірдің өзінде бүкіл республика бойынша фермерлер алдағы болатын ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін күшейту бағдарламасының екінші кезеңіне көшу үшін осы іс-шараға ерекше көңіл бөліп отыр.