ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ 29 МАУСЫМ КҮНІ АУА РАЙЫ ҚАТТЫ ЫСИДЫ
Қазақстанның көптеген бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді, республиканың шығысында бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында ауа райы ашық болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, Маңғыстау облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі. Павлодар, Қарағанды облыстарында күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Ақмола, Қарағанды , Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.