МИЛАН ЭКСПО-СЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАВИЛЬОНЫНА КҮН САЙЫН 5 МЫҢ АДАМ КЕЛЕДІ
Милан қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2015» көрмесіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық павильонына күн сайын 5 мың турист келеді. Павильон ашылғаннан бері Қазақстанның тамаша табиғатын, сирек кездесетін жан-жануарларын, ұлттық дәстүрін интерактивті құралдар арқылы көзбен көріп, қолмен ұстағандай болған келушілердің саны 130 мың адамнан асқан. Бұл туралы бізге Қазақстан ұлттық павильонының бас комиссары Әнуарбек Мусин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Миланнан.
«Біздің павильон өте танымал павильондардың бірі. Күн сайын осында бес мыңның ар-жақ бер жағында адам келеді. Осы қарқын тоқтамаса, біздің павильон келушілер саны бойынша үздіктер қатарынан табылады деп үміттеніп отырмыз. Көрме ашылғаннан бергі бір ай ішінде 130 мыңнан астам адам келді. Жалпы, туристерге біздің интерактивтілігіміз қатты ұнады. Өзіңіз қарап көріңіз, келген туристер озық технологиялардың арқасында қазақ жерінде өсетін гүлдің иісін сезе алады, көзіне экран тосса, Қазақстанның кең жазығында атпен шапқандай күй кешіп, теңіз бен көлдерімізді көре алады. Бір сөзбен айтқанда, біз келген адамдардың көзін де, құлағын да таң қалдырып жатырмыз. Сондықтан, бір бірінен естіп, осы жерге келіп жатыр»,-деді А.Мусин.
Бас комиссардың айтуынша, ЭКСПО көрмесін тамашалауға келген туристермен қатар, арнайы делегациялар да Қазақстанның павильонын сағаттап аралайды екен.
«Жалпы, көрмеге дайындалып жатқанда-ақ павильонымызға келетіндердің саны көп болады деп жоспарладық. Себебі, ЭКСПО-2015 дайындық басталған кезден бері Қазақстанның павильоны көшбасшылар қатарында еді. Біз павильонды дайындау кезінде де алда жүрдік, құрылысты алғашқылардың бірі болып бастап, павильонды алғашқылардың бірі болып тесттен өткіздік. Сондықтан да, әуел бастан көрме ұйымдастырушылар арасынан да, келушілер арасынан да ұлттық павильонымыз халықты қызықтырып әкетті»,-деді ол.
Айта кетейік, ЭКСПО-2015 көрмесінің тақырыбы азық-түлік қауіпсіздігіне арналған. «Әлемді тамақтандыру. Өмірге арналған энергия» атты тақырыптағы бұл көрме адамзат алдында тұрған мақсат - 2050 жылға қарай тоғыз миллиард адамды азық-түлікпен қалай қамти аламыз деген мәселені талқылауға, жалпы, азық-түлік қауіпсіздігін қамту мәселелеріне арналған.