«АЛТЫН ҮКІ – 2015» КУБОГЫНА БЕС ЕЛ ҮМІТКЕР
Маусымның 29-ы мен шілденің 4-і аралығында Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Алтын үкі» - 2015» арнайы мақсаттағы барлау топтарының VІІІ халықаралық жарыстары өтеді.
Бес күн ішінде мықты барлау тобы атағына Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттарының арнайы мақсаттағы жасақтары және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлері сайысатын болады. Жарысқа қатысушыларды ауқымды бағдарлама күтіп тұр. Әртүрлі қашықтықтарда нысаналар бойынша ығысып, ыңғайсыз қалыпта стандарттық емес нысаналар бойынша оқ ату. Жауынгерлерге миналық-қопару ісін, кедір-бұдырлы жерде азимут бойынша десанттау және қозғалуды көрсету қажет болады.
Соңғы және ең күрделі кезеңде қатысушылар 43 жерүсті және су кедергілерінен тұратын барлаушының соқпағын, сондай-ақ таулы учаскені еңсеруде өздерінің күштерін, айла-тәсілі мен төзімділігін тексереді. Соқпақтың жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асып жығылады. «Алтын үкі» халықаралық сайысы шынайы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылардың жоғары моральдық-психологиялық, әскери-арнайы және дене дайындығын қалыптастыруға және ұстап тұруға ықпал етеді.
Бес күндік дода барысында барлаушылар әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік және дене даярлығының деңгейін және жалпы топтың үйлесімділігін сыннан өткізеді. Бірақ, ең бастысы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлерін дайындау әдістемелері және озық тәжірибемен алмасады. 2013 және 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлері осы сайыстардың абсолюттік жеңімпаздары атанғанын атап өтейік.