ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін, баспасөз, телевидение және радио күні қарсаңында Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында бір топ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты.
БАҚ өкілдерін облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын айта келе, алдағы уақытта да БАҚ пен сот арасындағы байланысты одан әрі жандандыра түсуге ықпал ете отырып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сот саласындағы жетістіктерді, өңірімізде болып жатқан қоғамдық пікір туғызатын істерді халыққа жеткізуде БАҚ өкілдері өз үлестерін қосып келеді.
Облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков пен кеңсе басшысы Азамат Жұмамұратов мереке иелеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын, сыйлықтар табыстады.
Мереке иелері өз кезегінде Қызылорда облыстық сотының құрметіне алғыстарын айта отырып, ризашылықтарын білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі